Сарапшы Қазақстандағы егіс науқанының сәтсіз өтуін болжайды

Сарапшы Қазақстандағы егіс науқанының сәтсіз өтуін болжайды

Қазақстандағы көктемгі дала жұмыстарына мемлекет биыл 140 млрд теңге, ал жеңілдетілген дизель отынына 413 мың тонна қаржы бөледі. Алайда, фермерлердің айтуынша, Оңтүстікте егіс науқаны басталып, басқа аймақтарда басталғалы тұрса да, бөлінген қаржыландыру фермерлерге әлі жеткен жоқ. Сонымен қатар, олардың пікірінше, бұлкөлем жеткіліксіз.

«Жыл сайын фермерлер жеңілдетілген дизель отыныныңтапшылығы мәселесін көтереді. Бөлінген көлем жеткіліксіз, өйткені ауылшаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығына деген қажеттіліктің бір бөлігінғана ескереді. Бірақ егін егуден және жинаудан басқа, қарды ұстау, өсіру, тыңайтқыштар енгізу, булар өңдеу қажет. Сонымен қатар, ведомство малөсірушілердің қажеттіліктерін, сондай — ақ ауылдағы әлеуметтік қолдау үшінқажетті отынды мүлдем ескермейді — бұл тұрғындарға отын, жем, қар тазалау,қоқыс шығару және т.б.», — дейді Ұлттық агрқозғалыстың төрағасы Алмасбек Садырбай.

Оның айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген 140млрд теңгенің шағын фермерлерге аз мөлшері беріледі, өйткені қаражаттың негізгікөлемі ірі агрохолдингтерге кепілмен қамтамасыз етілуіне байланысты кетеді. Сондықтан, сарапшының пікірінше, шағын фермерлер үшін несие алу кезінде талаптарды қайтақарау және жеңілдету қажет. Мысалы, өндірістің бес жылдық тарихын ескере отырып, осылайша шағын фермерлерге кепілдікпен несие беру ұсынылады.

«Маңызды мәселе – минералды тыңайтқыштар бойыншанорматив тек 26%-ға орындалады. Біздің еліміз өзін тек 60-70% деңгейіндетыңайтқыштармен қамтамасыз етеді, қалғаны — әкелінетін тыңайтқыш. Бұл кейіннентыңайтқыштардың бағасы өседі дегенді білдіреді. Жер учаскелерінің деградациясыорын алуда, өнімділік жыл сайын төмендейді», — деп атап өтті агросарапшы.

Алмасбек Садырбайдың айтуынша, егіс науқанына ауылшаруашылығы техникасының 80%-дан астам тозуы да кедергі келтіріп отыр.

«Бүгінде елімізде 150 мыңға жуық трактор, 38,5 мыңкомбайн бар. Олардың көпшілігі бұрыннан ескірген, фермерлер ескі техникаменжұмыс істейді. Тозу шегіне жетті. Жыл сайын парктер тек 3%-ға жаңартылады.Осыған байланысты фермерлер жөндеуге ақша жұмсайды, бұл өнімнің өзіндік құнына, сапасына және көлеміне тікелей әсер етеді. Әрине, мұның бәрі елдегі аграрлықсаланың дамуына кедергі келтіреді. Жалпы, мұндай тәсілмен егіс науқаны сәтсізболуы мүмкін», — дейді Ұлттық агроқозғалыстың төрағасы.

Сарапшы қосымша салық деп саналатын кәдеге жаратуалымының арқасында ауыл шаруашылығы техникасы шағын фермерлер үшін мүлдем қолжетімді болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда жергілікті машинажасау жоқ, елге ауыл шаруашылығы техникасы бөлшектелген түрде импортталады, мұнда ірі тораптық құрастыру жүргізіледі.

«Салыстыру үшін, Ресей Федерациясында ауыл шаруашылықтехникасы өндірісі 50%-ды, Беларуссияда – 90%-ды, Өзбекстанда – 80%-ды құрайды.Осыған қарамастан, Ресей мен Өзбекстан аграрлық техникаға қатысты кәдеге жаратуалымдары мен кедендік баждардан бас тартты. Неліктен Қазақстанда мұндайкедергілер мен ауыл шаруашылығы техникасына баж салығы әлі күнге дейін алыныптасталмағаны түсініксіз», — деп атап өтті Алмасбек Садырбай.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер