Фермерлер зауыттарға шіріген және қоқыс араласқан қант қызылшасын тапсырады. Бұл туралы «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айжан Абақанқызы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы фермерлер өз өнімдерін зауытқа өткізгеннен кейін үшінші күні ақшаларын алды. Бізде фермерлерге қатысты мәселе бар. Мәселен, былтырғы қант қызылшасының сапасы өте нашар болды. Қызылша шіріген, қоқыс араласқан. Одан қант шықпайды. Мұндай өніммен жұмыс істеу қауіпті. Өйткені, қант қызылшасымен бірге келген қоқыстармен шлангылар зауыттың өңдеу желісіне түседі. Бұл шығын фермерлерге емес, зауытқа ауыртпашылық салады», — деп мәлім етті Айжан Абақанқызы.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер