МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

Президент30 наурызда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде судыбарынша үнемдеу қажеттігін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық, су және көлікқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.Оның айтуынша, жақын арада энергетикалық активтерді жаңғыртуға жаңаинвестициялар тарту қажет.

«Бұл жұмысты „инвестицияларға тарифтіайырбастау“бағдарламасы арқылы жүзеге асыруға болады. Қазір тауарлық газтапшылығы артып келеді. Үкімет елдің газ өңдеу қуатын ұлғайту үшін жаңажобаларды іске асыруы тиіс. Бұл ретте 25 су айдынын салу және суды барыншаүнемдеу қажет», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан орнықты даму үшін Азия менЕуропаны байланыстыратын әлемдік көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты.Мемлекет басшысы бұрын қабылданған Көлік және логистика бойынша барлықжобаларды уақтылы аяқтауды тапсырды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер