Егін жинауға жеңілдікпен дизель отынын алуға электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды

Егін жинауға жеңілдікпен дизель отынын алуға электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті дизель отынын алуға электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды АШМ.

"Еске сала кетейік, сәуір айында бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті ЖЖМ бөлу gosagro.kz модулінің базасында электрондық форматта жүргізіледі. Өтінімдердің барлығын оның ішінде егін жинау жұмыстарына да жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет. Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер 342,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына 24 мыңнан астам өтінім берді", - деп жазады ведомствода.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.