СҮТ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮШІН МАМАНДАР ҚАЖЕТ

СҮТ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮШІН МАМАНДАР ҚАЖЕТ

Қостанай облысында сүт өндірісін 20 пайызға арттыру көзделген. Алайда, бұл салада мамандар тапшы, деп жазады inbusiness.kz.

Жастарға қанша жағдай жасалса да олар мал күтімімен айналысуға құлықсыз. Ал, ауыл тұрғындары сиырбасын біршама азайтқан. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, аймақта сүтжетіспейді.

Шаруалар үшін бүгінде ел аумғанынан малды күтіп-баптайтын маман табудан гөрі, төрт түлікті шетелден сатып әкелген оңайырақ. Ұзынкөл ауданындағы бұл шараушылық биыл Эстониядан 198 бас асыл тұқымды сүтті сиыралдыртқан. Ендігі түйткіл мәселесі — маман тапшылығы. Жоғары жалақы тағайындап,үй-жаймен қамтамасыз етсе де, ауылға жастардың келгісі жоқ — дейдікәсіпкер.

«Егер мал шаруашылығын, ет, сүт өндірісін дамытқымыз келсе, болашақ мамандар ветеринарлық, зоотехникалық факультеттерде тегін оқуы тиіс. Бірақ университетті бітірген соң бес жыл шаруашылықта жұмыс істеуге міндеттелуі шарт. Оған келіспесе, оқу ақысын қайтарсын. Өйткені, кәсіпоорын тарапынан қазіргі қаржылай ынталандырудың, басқада көмек қолдаудың нәтижесі шамалы», — дейді Шаруашылық басшысы Ұзақбай Ағайдаров.

Сауыншының жұмысы бұрынғыменсалыстырғанда біршама жеңілдеген. Қазір мұнда күніне екі мезгіл 400 бас сиырсауылып, 8 тонна сүт алынады. Бар жұмысты екі сауыншы ғана атқарыпжүр.

Биыл облыс бойынша шаруалар 1100-ден астам ірі қара аналығын сатып алған. Соның 600 басы шетелден импортталды. Ал, ауыл тұрғындары зеңгі баба түлегін азайтуға мәжбүр болыпты.

«Биыл сиыр саны кішкене төмендеді. Олбіріншіден өткен жылы құрғақшылық жыл болды. Келесі жылы осы жылмен салыстырғанда мал басы өседі деп ойлаймыз», деді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер