ДЕПУТАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК ЛАБОРАТОРИЯЛАР ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖЕКЕ ҚОЛДАРҒА БЕРМЕУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

ДЕПУТАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК ЛАБОРАТОРИЯЛАР ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖЕКЕ ҚОЛДАРҒА БЕРМЕУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Мәжіліс депутаты Аманғали Бердалин ветеринария саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығы жануарлары санының көбеюіне байланысты аусыл, бруцеллез, нодулярлық дерматит сияқты жұқпалы аурулардан қорғау мәселесі өткіртұр, өңірлерде карантиндік іс-шаралар енгізілуде, бұл, әрине, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік бермейді. Екі жылдан астам уақыт бойы ҚХР нарығына қол жетімділік жоқ, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына аусыл бойынша уақытша шектеулер енгізілді. Осыған қарамастан, АШМ мемлекеттік ветеринариялық зертханалардың қызметін АШМ кеңесшілерінің айқын лоббизмімен жеке қолға беру саясатын дамытуда», — деді Аманғали Бердалин Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның пікірінше, аудандық зертханаларды бәсекелестік ортаға, қарапайым тілмен айтқанда, жеке секторға беру проблемаларын тудырады.

«Жылдар бойы біз жануарларды қарапайым құлақ тегтерімен қамтамасыз ете алмаймыз, ӨИС электрондық базасының үздіксіз жұмысын жолға қоя алмаймыз, аудандар мен ауылдық округтерде интернет өте қанағаттанарлықсыз жұмыс істейді.Біз бүгінде практикалық дәрігерлерді вакуутайнерлермен, шприц-пробиркалармен қамтамасыз ете алмаймыз және олар ескі әдіспен шыны пробиркаларға қан үлгілерін алуға, содан кейін сарысуды бөліп, зертханаға жеткізуге мәжбүр. Ветеринариялық зертханалар Мемлекеттік болуы және жеке практиканы қатар дамытуы тиіс деп санаймыз,өйткені бұған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынбаған. Жеке клиникалар мен зертханалардың үлгісі бойынша» — деп депутат атап өтті.

Келісесіздер ме?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер