Қазіргі уақытта Қазақстанда тұқым айналымының көлеңкелі басқарылмайтын нарығы басым, бұл түпкілікті өнім сапасына және баға белгілеуге әсер етеді. Бұл туралы сена тдепутаты Зәкіржан Күзиев премьер-министрдің атына сауал жолдаған сөзінде мәлімдеді, деп жазады eldala.kz.
"Қолданыстағы заңнамаға негізделген тұқым шаруашылығының қолданыстағы жүйесі ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарының тұқымдарын бақылаусыз өндіруге, пайдалануға және сатуға, тұқымдардың жалған партияларының нарыққа шығуына, сәйкестендірілмеген, өнімділігі төмен, тіркелмеген тұқым сұрыптарының айналымына, селекционердің селекциялық жетістіктерге құқықтарының бұзылуына ықпал етеді. Мұның бәрі өсімдік шаруашылығы саласына тікелей кері әсерін тигізеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін", — деді сенатор.
Ол егер қазіргі уақытта тұқым шаруашылығы жүйесін өзгерту бойынша қадамдар жасалмаса, отандық тұқым шаруашылығындағы жағдай қатты ушығып кететінін атап өтті.
"Қазақстанда соңғы 5 жылда тұқым импорты бірнеше есе өсті. Сұрыптыжаңартудың төмен көрсеткіші байқалады. Республикадағы элиталық тұқымдардыңүлесі небәрі 7%, ал Ресей мен Беларусьте 20% — данастам. Аттестатталған тұқым шаруашылықтары тұқым өндіру көлемінің өсу серпініжоқ. Республикада 2016 жылдан бастап селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі ұсынымдық сипатқа ие. Яғни, мемлекеттік сұрыптаудан өтпеген және Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімделмеген, сондай-ақ ауруларға тұрақсыз тұқымдар әкелінеді, сатылады, пайдаланылады", — деп атап өтті Зәкіржан Күзиев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сұрыптардың тұқымын әкелу және пайдалануашық емес, ретсіз, көбінесе селекционерлердің құқықтарын бұзумен жүреді.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұқым сұрыптарын міндетті тіркеу жүйесіауылшаруашылық өндірісі дамыған барлық елдерде бар.
«Сұрыптық саясат саласындағы реттеу тетіктерініңжоғалуы АӨК-нің барлық саласына теріс әсер етеді. Фитосанитарлық жағдай нашарлайды және ауылшаруашылықөндірісінің тиімділігі төмендейді. Тиісті бақылаудың болмауы нарықта шынмәнінде жоқ жоғары репродукциялы тұқым көлемін ұсынуға әкеледі. Қолданыстағыжүйе Қазақстанда өндірілген тұқымдарға сенімсіздік туғызады және отандық тауарөндірушілердің ғана емес, өз жетістіктерін қорғауға нақты келісілген құқықтарыжоқ селекционерлердің де наразылығын тудырады», — деді сенатор.
Ол бұған дейін 2000-шы жылдары қолданыста болған мемлекеттік бақылау нарықта жалған тұқымдардың пайда болуын тежегенін, алайда қазіргі уақытта бұл механизм бизнесті реттеу бойыншажүргізіліп жатқан саясатқа сәйкес келмейтінін хабарлады. Сондықтан, сенатордың айтуынша, жаңа бақылау құралдарын енгізу қажет. Атап айтқанда, тұқымөндіру процесін бақылауға мүмкіндік беретін тұқымдарды сертификаттау жүйелері.
Бұл мәселені шешу үшін тұқым шаруашылығысаласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және селекционерлердің құқықтарынқорғауды көздейтін жаңа сұрыптар мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралықодақтың талаптарын ескере отырып, тұқымның ашықтығын, тұқымды бақылау менөндіруді және селекционердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталғанселекциялық жетістіктерді қорғау талап етіледі.
"Қазіргіуақытта осы ұйымға 78ел қосылды. Осы Конвенцияға қосылусалаға шетелдік инвестицияларды тартуға серпін береді. Біз шетелдік асылтұқымды компаниялардың бізге келуіне қолайлы жағдай жасай аламыз. Шетелдік селекцияның басты артықшылығы қаржылық және технологиялық әлеуетін қарқындытүрде арттыратын жеке селекциялық компаниялардың басым болуы. Өздігінен де, бірігу және ынтымақтастық арқылы да. Бұл жалпы саланы дамытуға көмектеседі депойлаймыз", — деп есептейді депутат.
Ол Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылы отандық селекциялық дақылдарды тұқыммен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету стратегиясын әзірлеу туралы мәлімдегенін еске салды. Алайда, осы уақытқа дейінбұл құжат әзірленбеген.
«Импорттық тәуелділікті төмендетуге, селекциялықәзірлемелердің, оның ішінде МЖӘ негізінде инвестициялық тартымдылығын арттыруғамүмкіндік беретін отандық селекцияны ауыл шаруашылығы дақылдарын тұқымменқамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық жоспарды әзірлеу және қабылдау жөніндешаралар қабылдауды сұраймыз. Бұдан басқа, жаңа сұрыптар мен өсімдіктерді қорғаужөніндегі халықаралық одаққа кіру мақсатында ҚР заңнамасын үйлестіру жөніндегі жұмысты барынша жандандыру қажет деп санаймыз», — деп қорытындылады Закиржан Кузиев.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер