ДЕПУТАТ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВТІ СЫНҒА АЛДЫ

ДЕПУТАТ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВТІ СЫНҒА АЛДЫ

Мәжіліс отырысында депутаттардың бірі Ауыл шаруашылығы министрі ЕрболҚарашөкеев мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер туралы әдемі баяндамажасағанын, алайда ол жерлердің нақты кімге тиесілі екенін ашып айтпайтынынсынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Сіз әдемі баяндама жасадыңыз жаңа. Бірақ мына сіздің айтып жатқан»мыңдаған гектарды біз қайтарып жатырмыз" деген сөзіңізге мен елдіңсәлемін айтайын деп отырмын. Жақында елден келдік. Қай облысқа бармасаңызжолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ.

Мал ұстап отырған, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Біраққолы күштілер бұрынғы қалпында қалып отыр. Жердің иелерін сіздерге мындашығарып, тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз жердің бәрі ДаниалАхметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтыкі, Астананың маңайында Шөкеевтікі, оны айтуға қорқып отыр бәрі. Жаңағы сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдағангектардың бәрі өтірік. Ана халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстағанкісілерге жер жетпей жатыр. Сіздер әдемі баяндаманың орнына осыны қашан нақтықолға аласыздар? Аты-жөнін жазыңыздар, неге ұяласыздар олардан, тақтаға іліпқоюдан? Бұрынғы отырған байлар солар отыр", – дейді депутат БерікДүйсембинов.

Алайда Ербол Қарашөкеев өзі басқаратын ведомство "әкімдердің жерінетиіспей, қорғап отыр дегенмен" келіспейтінін айтты.

«Биыл 5,2 млн гектар жерді қайтардық. Кімнің жерлері ол? Сол бұрынғыәкімдердердің, олигархтардың жерлері.

Ендігі жылы да тағы 5 млн гектар жерді қайтарамыз. Ол жұмысты қазір бізжандандырып жатырмыз. Бірінші қаңтардан бастап біздің АИС ГЗК-да негізгібелгілі жерлердің бәрі анықталып, көрсетіледі. Кез келген участоктарды басатынболсаңыздар мемлекеттің резервінде болмаса кімнің жері екенін, қайұйымдастырылған қожалықтың жері, бәрі анық көрсетіледі. Ол да жұмыс қой. Бұрынболмаған жұмыс. Қазір енді ол жұмыс жалғастырылып жатыр.

Біз заңға сәйкес жұмыс жасаймыз. Сен кім болмасаң да, жерді заңды түрдепайдаланып отырсаң оған біздің тиісуге құқығымыз жоқ. Бірақ та жердіпайдалануда заңнаманы бұзушылық анықталған жағдайда, біз ол жерді қайтарып алыпжатырмыз. Сот арқылы қайтарудамыз, өздері де қайтарып жатқандары бар.

5,2 млн гектар жер өтірік дейсіз. Қазір интерактивті картаны дайындапжатырмыз. (...). Біз 5,2 млн гектарды жүктеп, әрбірінің (жердің — ред.) қандайиесі болғанын көрсетуге, сол 5,2 млн гектардың әрбір гектарына есеп беругедайынбыз. Жұмыс жасалып жатыр», – дейді Ауыл шаруашылығы министрі.

Кейін мәжіліс кулуарында Ербол Қарашөкеев биыл мемлекетке 5,2 миллионгектар жер қайтарылғанын тағы атап өтті. Оның айтуынша, негізінен бұл жерлер, мақсатты түрде тиімді пайдаланылмаған ірі учаскелер есебінен құрылған.

«Біз бұл учаскелерді қайтардық, олар мемлекет резервіне өтті. Цифрлықдаму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі әріптестеринтерактивті карта дайындауда, дайын болған кезде сіздер бұл жерлердің қайдан,қай аймақтардан қайтарылғанын көресіздер. Мен сіздерге фамилия бойынша айтаалмаймын. Оны осы интерактивті картаның ішінен көруге болады.

Онда үлкен учаскелер бар. Әрине, олар жай адамдарға тиесілі болмаған. Менмүлдем қорықпаймын (фамилияларды атаудан – ред.). Ондағы тізімде 10 адам емес, онда мыңдаған адам, мыңдаған кәсіпорын бар, олардың жерлері қайтарылды. Бұл азкөлемдегі жер емес. Мен қазір олардың атын атауға дайын емеспін, өйткені меніңқолымда бұл тізім жоқ», – деп сөзін түйіндеді АШМ басшысы.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер