ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ГАННОВЕРДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨРМЕСІНДЕ НЕ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ГАННОВЕРДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨРМЕСІНДЕ НЕ ҚЫЗЫҚТЫРДЫ

15-18 қараша аралығында Ганноверде EuroTier халықаралық мал шаруашылығы кәсіпорындарын басқару көрмесі өтуде. Мұнда 55 елден, оның ішінде Қазақстаннан 1800-ден астам экспонент өз өнімдерін ұсынды.

Айта кету керек, өз стендтерін қазақтың ақбас тұқымды республикалық палатасы және ветеринариялық бұйымдарды өндіруші ZTOWN Development ашты.

Бұдан басқа, көрмеде мал шаруашылығындағы өндіріс құралдарының барлық спектрін табуға болады: мал, жем, ферма құрылысына арналған технологиялар, жануарларды ұстауға, азықтандыруға, саууға арналған техника менжабдықтар және тағы басқалар. Сонымен қатар, мал шаруашылығындағы ноу-хауға, өндірісті тиімді ұйымдастыру шешімдеріне ерекше назар аударылады.

Биылғы жылы Eurotier-ге Қазақстаннан бірнеше делегация, соның ішінде бейінді қауымдастықтар мен ірі компаниялардың өкілдері келді. Айтакетейік, қазақстандықтар үшін сауу қондырғылары, оның ішінде ұсақ мал, жайылымдық шаруашылықты ұйымдастыру жүйелері, сондай-ақ генетика ерекше қызығушылық тудырады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер