МАҚТА АЛҚАПТАРЫНЫҢ АЗАЮЫ ТУРАЛЫ МИНИСТР НЕ ДЕДІ

МАҚТА АЛҚАПТАРЫНЫҢ АЗАЮЫ ТУРАЛЫ МИНИСТР НЕ ДЕДІ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі мақта алқабының неліктен азайтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдыңғы Үкімет отырысында бұл туралы толық баяндаған едім. Биыл мақта алқабын 6 мың гектарға азайтамыз. Бұл — Ауыл шаруашылығы министрлігінің ылғал сүйгіш өсімдіктерге қатысты саясаты. Оның экономикалық себептері де бар, мәселен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бір гектар мақта алқабынан 200-250 мың теңге табыс табады. Сол гектарға жүгері еккенде 500-550 мың теңге пайда табар еді», — деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрі елдегі мақтаның негізінен экспорт қажіберілетінін айтты.

«Өткен жылдары оның бағасы арзандады, енді нарық пен сұраныс жағдайына қараймыз», — деді министр.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер