САУДА МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ШАРУАЛАР ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕРДІ АЙТТЫ?

САУДА МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ШАРУАЛАР ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕРДІ АЙТТЫ?

Фермерлер субсидияларды бөлужәне уақытылы беру, мал шаруашылығын дамыту және қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, экспорттық шектеулерді алыптастау және т.б. сияқты агроөнеркәсіп кешені саласының өзекті мәселелерімен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Отандық аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

«Елімізде әрбір шаруа – экспериментші, ал жеке зерттеу жүргізу өтеқымбатқа түседі. Мемлекет аграрлық ғылымды дамытуға көп қаражат бөледі,ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы бар, ол фермерлерді көкөністерді егумерзімі, әдістері және басқа да ерекшеліктері туралы әдістемелермен қамтамасызетуі керек», — деді «Олжа Агро» ЖШС басшысы Айдарбек Ходжаназаров.

Сүт өнімдерін өндірушілер өз тарапынан жоғары ретро-бонустарды қосатын сауда желілерінің практикасы жайлы айтты.

«Біз барлық мәселелерді бірлесіп талқылаймыз, жақында сауда желілеріменкездесулер ұйымдастырамыз, қаржыландыру, субсидиялар бөлудің тұрақтылығы менбасқа да мәселелерді пысықтаймыз, айтылған ұсыныстар бойынша бөлек кездесулер өткіземіз. Барлық шешімдер мемлекет пен бизнестің мүдделерін ескере отырыпқабылданатын болады», —деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер