Бүгін Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттікқызметшілердің жауапкершілігін көздейтін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер қабылдады.
Атап айтқанда, Қазақстанның шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, Халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға, сондай — ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған ҚР азаматтарына жер бергені үшін 30 АЕК (2023 жылы-103,5 мың теңге) мөлшеріндеайыппұлдар тағайындалатын болады, деп хабарлады Сенат.
Егеролар үй жануарларын жаюға және шөп шабуға арналған жерлерден жер учаскелерінберсе, лауазымды адамдар үшін осындай жауапкершілік белгіленеді.
Жердіпайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жөніндегі функциялар әкімдіктердіңқұзыретінен ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретіне қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер