Қырғызстандықтар егістіктер мен фермалардан гөрі мейрамханалар мен қонақ үйлерді артық көрді. Соңғы 8 жылда 250 мыңға жуық жергілікті тұрғын ақша табу үшін ауыл шаруашылығынан қызмет көрсету саласына кетті, деп хабарлайды Хабар 24.
Статистика көрсеткендей, 2012 жылдан бастап ауыл шаруашылығымен айналысатындар саны 35 пайызға азайды. Бай фермерлер суармалы жерлерді игерудің орнына тез пайда табуға үміттеніп, банкет залдарын салуда.
Ирина Литвякова, маркетолог:
— Банкет бизнесі несімен тартымды? Тойхана салсаң болды, ол жай тұрғанда шығын талап етпейді. Той жасайтын адам тапсырыс бергенде ғана даяшыларға, аспаздарға, басқарушыға ғана ақша жұмсайсың. Қаржы қолма-қол түседі.
Банкет-холл, ивент-плаза, тойханада жастар үшін де табыс табу оңай. 2-3 айлық курстан соң білікті даяшы болып шыға келеді. Бұл жағынан нарықта сұраныс өте жоғары. Күннің ыстығы мен нөсер жаңбырдың астында алқапта қажып жұмыс істегенше, ән мен бидің ортасында тойлап жүріп, ақша тапқан жақсы.
Ғани Абдрасилов, экономист:
— Жастар қазір ауылға бармайды. Олардыол жаққа тарту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Мейрамханада немесе басқақызмет көрсету саласында олар еріккеннен жүрген жоқ. Басқа амал қалмады жастарда.
Ауыл шаруашылығының тұралауының тағыбір себебі жаңа технологиялардың енуі. Қазір бір жағынан адамға ауыр жұмыс істеудің де қажеті жоқ. Түрлі заманауи техникалар шығып жатыр. Десе де ауылшаруашылығына адам күші, оның ішінде қайратты жастар керек-ақ. Өйткені ауылсыз адамның күні қараң.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер