МЕДИАЦИЯ АУЫЛ БИЗНЕСІНЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ?

МЕДИАЦИЯ АУЫЛ БИЗНЕСІНЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ?

Көп жағдайда ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер шарттық міндеттемелердің орындалмауына тапболады.

Осылайша, ауылшаруашылық тауар өндірушілері белгілі бір қызметтерді алу үшін бизнес субъектілерімен қарапайым келісімшарттар жасайды. Мысалы, ЖЖМ, қосалқы бөлшектер немесе қандай да бір тауарларды жеткізу бойынша. Кейбір жеткізушілер шарттарды елең етпей, орындамаулары орын алады, мұндай жағдайлар тапсырыс берушілерді сотқа баруға мәжбүр етеді.

Алайда мұндай мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге, дау-дамайсыз жабуға, тараптардың татуласуы арқылы шешуге болады. Әсіресе ауылдық жерде.

Мамандардың айтуынша, көптеген ауыл кәсіпкерлері медиацияның нақты мүмкіндіктерін толық білмейді.

«Нәтижесінде, мұндай істердің ерекшелігін ескере отырып, сот талқылаулары ұзаққа созылып жатады. Тіпті бірнеше жылға созылатын процестер бар. Дегенмен медиатор тараптардың имиджін ұзаққа созылған сот дауларымен шайқамай, барлығын ұзатпай шеше алар еді»,- деп түсіндірді халықаралық деңгейдегі кәсіби медиатор, RPA IMC Президентінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер