Қазақстанда дизель отыны мен бензиннің бағасы көтеріледі

Қазақстанда дизель отыны мен бензиннің бағасы көтеріледі

Қазақстанның Энергетика министрлігі жанар-жағармайдың шекті бөлшек бағасын көтеруге ниетті. Тиісті бұйрық жақын арада «Ашық НҚА» порталында жарияланатын болады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ведомство басшысының міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп жазады eldala.kz.

«ЖЖМ ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету қажет. Сондықтан біз күрделі, бірақ сонымен бірге қажетті қадамға баруымыз керек — шекті бөлшек сауда бағасын көтеру», — деді министрдің міндетін атқарушы.

Шекті бөлшек сауда бағаларын көтеру ұсынылады:

дизель отынына 230-260 теңгеден 295 теңге/литргедейін (орташа өсім 20%).

Болат Ақшолақов үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылғаннан кейін олардыңөндірістік қуаттылығы 3 млн тоннаға артып, жылына 17 млн тоннаға жеткенін хабарлады. Бензин өндірісі бес жыл ішіндешамамен 70% — ға (3 млн.тоннадан 5 млн.тоннаға дейін), ал дизель отыны 30% — ға (4 млн. тоннадан 5,2млн. тоннаға дейін) өсті.

"Өткенжылы дизель отынын өндірудің рекордтық көлемі — 5,2 млн тоннаға қарамастан, біз еліміздің кейбір өңірлерінде тапшылықтысезіндік. Шамамен 350 мыңтонна көлеміндегі тапшылықты (қысқы дизель отынын есептемегенде)қымбат импорттық отын есебінен жабуға тура келді", — деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, дизель отынын үнемі өсіпкеле жатқан тұтыну көлемінің негізгі факторлары транзиттік автокөлік, сондай-ақкөрші елдерге «сұр» экспорт болып табылады. Энергетика министрлігініңесептеулері бойынша өткен жылы транзиттік көліктің үлесіне шамамен 150мың тонна дизель отыны, тағы 200 мың тоннаға жуық сұрэкспортпен әкетілді. Ведомствоның себебі бағаның айтарлықтай айырмашылығы депаталады. Мысалы, Ресейде дизель отынының құны литріне орта есеппен 345 теңгені,Қырғызстанда — 390 теңге/литрді, Өзбекстанда — 480 теңге/литрдіқұрайды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер