ЕЛДЕГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ 75%-ДАН АСТАМЫ ЖЕР ҮСТІ ӘДІСІМЕН СУАРЫЛАДЫ

ЕЛДЕГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ 75%-ДАН АСТАМЫ ЖЕР ҮСТІ ӘДІСІМЕН СУАРЫЛАДЫ

75,8% немесе 1,1 млн гектар жер үсті әдісімен суарылады — фермерлер үшін арзан, бірақ ең ұтымсыз.

АӨК-дегі сумен қамтамасыз ету қорытындылары туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі есеп берді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, маңызды міндеттердің бірі суармалы суды ұтымды пайдалану болып қала береді. Биылғы жылы ауылшаруашылығы дақылдары 1,4 млн га суармалы жерге өсірілді.

Су сыйымды дақылдар алқаптарын қысқарту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы басқа рентабельді дақылдарға көшу есебінен күріштің көлемі 8,7 мың гектарға азайды, оның басым бөлігі Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарына қатысты.

Соңғы бірнеше жылда Қызылорда облысында су тапшылығы қатты сезіліп, Сырдария өзенінің ағысы бірнеше есе төмендеді. Қолданыстағы коллекторлық-дренаждық жүйелердің жай-күйі тозған, нәтижесінде топырақтың тұздануы және ауыл шаруашылығы айналымынан жердің шығуы процестері күшейеді. Тұздардың артық мөлшері күріш тұқымдарының өну қарқынын тежейді, топырақтың құнарлылығын төмендетеді, суармалы су мен топырақты ластайды.

Қазір АҚШ пен Бразилияның тәжірибесіне сәйкес күріш өндірісінде механикаландырылған суаруды қолдану, сондай-ақ ауыспалы егісті оңтайландыру және тұқым материалын жақсарту мүмкіндігі зерттелуде. Егер технология аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктері жағдайында тамыр жайса, өнімнің өнімділігі мен сапасына нұқсан келтірместен суды тұтынуды азайтуға, сондай-ақ топырақтың жағдайын жақсартуға болады.

Жыл соңына дейін 279 мың га жаңа суару жүйелеріменқамтамасыз ету жоспарлануда.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер