СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ БАҒУҒА ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ БАҒУҒА ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

Солтүстік Қазақстан облысында жайылымдық алқаптарға сұраныс жоғары, қазіргі уақытта мал бағуға 547 мың га жер жетіспейді.

Бүгінде облыста 3 мыңға жуық шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық және 857 серіктестік жұмыс істеп жатыр. Алайда олардың арасында жерді дұрыс игермей және мақсатты пайдаланбай отырғандары бар.

«Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының қорадағы малдарына жайылымдық жер тауып беру мәселесі өзекті. Өңір бойынша жайылымдық жерге қажеттілік 547,1 мың га құрап отыр. Прокуратура органдары елді мекендердің жайылымдарын пайдалануға қатысты тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады», — дейді СҚО ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Мәлім болғандай, ауыл маңындағы жерлер жеке және заңды тұлғаларға жер заңнамасы бұзыла отырып берілген. Қазіргі уақытта 18 мың га жуық алқап бойынша сотта 71 іс қаралып жатыр.

Ал сіздердің аймағыңызда пайдаланылмаған жерлерді қайтару жағдайы қалай?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер