Серік Жұманғариннің айтуынша, өткен аптада көкөніс тобына бағаның өсу қарқыны баяулады, бірақ тоқтаған жоқ, бұл тұрақтандыру қорларынан нарыққа жеткіліксіз әлеуметтік маңызы бар тауарлар шығарылғанын көрсетеді, деп хабарлайды world of nan ведомствоға сілтеме жасап.
"Әкімдіктерге қорларды қоймаларда ұстамауды және көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын", — деді С. Жұманғарин әкімдік басшыларына.
Кеңес барысында МТИ Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков айтқандай, бүгінде айналымға 56,2 мың тонна қордан көкөніс жіберілді. Оның ішінде 18,4 мыңтоннасы сатылды: пияз-4,9 мың тонна, қырыққабат – 2,8 мың тонна, картоп – 7,0мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна.
Бұл ретте тек сәбізге– 0,6%, қарақұмыққа– 0,5%, қантқа– 0,3%, күнбағыс майынажәне тауық етіне-0,2% ғана құнның төмендеуіне қол жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер