МАҚТАНЫҢ МОЛ ӨНІМІ ЕШКІМГЕ ҚАЖЕТ ЕМЕС БОЛЫП ШЫҚТЫ

МАҚТАНЫҢ МОЛ ӨНІМІ ЕШКІМГЕ ҚАЖЕТ ЕМЕС БОЛЫП ШЫҚТЫ

Өткен жылы бір тонна шитті мақтаның сатып алу бағасы 350 мың теңгеге дейін өсті, бұл аграршыларды жігерлендірді.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл фермерлер мақта өсіру көлемін ұлғайтты, бірақ бағалар бойынша болжамдар орындалмады, ал өнімге сұраныс төмендеді деп жазады informburo.kz.

Мақта дақылдарының ауданы 126 мың гектарды құрады — өткен жылмен салыстырғанда 16 мың гектарға артық.

«Бұған жоғары сатып алу бағасы ықпал етті — 2021жылы бір тонна шитті мақта үшін 350 мың теңге, ол 2020 жылмен салыстырғанда 220мың теңгеге артық болды. Алайда, шикі мақтаның бағасы бойынша бизнестің болжамы орындалмады. Импорттаушылардың сұранысының төмендеуіне байланысты мақтаның әлемдік бағасы төмендеді», — деді ол.

Мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі егістің болжамды ауданын оны одан әрі өткізу мүмкіндіктеріне, өңірдің сумен қамтамасыз етілуі жөніндегі болжамдарға сүйене отырып анықтауды ұсынды. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Қазақстанда мақта талшығын қайта өңдеуді, оның ішінде шетелдік компанияларды тарта отырып дамыту қажет.

Қалай болғанда да, мақташылардың мәселесі әлі де шешімін таппады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер