Бидайдың әлемдік бағасы астық келісімі бұзылған сәттегі бағадан да төмен түсті

Бидайдың әлемдік бағасы астық келісімі бұзылған сәттегі бағадан да төмен түсті

Чикаго тауар биржасының мәліметі бойынша, 28 шілдеде бидай бағасы бір бушель үшін 7,04 долларды құраса, 31 шілдедегі сауда-саттықтың жабылуына қарай 6,66 долларға дейін төмендеді, деп, ТАСС агенттігіне сүйене отырып World of NAN хабарлайды.

Чикаго тауар биржасында қыркүйек айындағы бидай фьючерстерінің құны астық келісімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні тіркелген деңгейден төмен түсті. Бұған сауда алаңының деректері дәлел.

Астық келісімі 17 шілдеде аяқталған кезде бидайдың бағасы бір бушель үшін 6,54 долларды құраса, келесі күні оның бағасы бір бушель үшін 6,7 долларға дейін көтерілді. Сонымен қатар, кейінгі күндері бидай құнының күрт өсуі байқалды – 25 шілдеде бір бушель 7,6 долларға дейін өскен еді.

Дегенмен кейінгі бірнеше күнде бидайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы төмендеп кетті. 28 шілдеде ол бір бушель үшін 7,04 долларды құраса, 31 шілдедегі сауданың жабылуына қарай ол бір бушель үшін 6,66 долларға дейін құлдырады.

Астық келісімі – Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ арасындағы Украина порттарынан Қара теңіз арқылы Украина астығын экспорттау туралы 2022 жылдың маусымында қол қойылған халықаралық келісім. Алайда Ресей өз талаптары толық орындалмағанын алға тартып 17 шілде күні астық келісімінен шығып кетті. Кейінгі апталарда Украина порттарындағы астық қоймалары бірнеше мәрте шабуылға ұшырады.

Біздің Instagram, Youtube аккаунттарымызға тіркеліңіздер.