«ПИЯЗСЫЗ ҚАЛМАЙМЫЗ», ДЕП СЕНДІРДІ МИНИСТР

«ПИЯЗСЫЗ ҚАЛМАЙМЫЗ», ДЕП СЕНДІРДІ МИНИСТР

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет кулуарында қазақстандықтардың пиязсыз қалмайтынына және 2023 жылы өнімнің жеткілікті мөлшерде егілетініне сендірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, Қазақстаннан пиязды экспорттау қаупі әлі де сақталып отыр, сондықтан экспортқа әлі тыйым бар.

«Пиязға қатысты жағдай тұрақталды, елімізде шамамен 70 мың тонна пияз қоры бар, оның 30 мың тоннадан астамы Жамбыл облысында. Көтерме баға Жамбыл облысында 200 теңге, Астанада 260-300 теңге. Дүкендерде – 300-360 теңге, яғни ол қандай пияз, бастапқыда қандай бағаменсатып алынғанына байланысты. Баға тұрақталды, пиязды экспорттауға тыйым салынған, десе де, елден шығару қаупі әлі де бар, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Биыл жеткілікті пияз егіледі, пиязсыз қалмаймыз», – дейді министр.

Еске салсақ, биыл қаңтарда Қазақстаннан пияз экспорттауға үш айға тыйым салынған еді. Одан бөлек былтыр елімізде өзге азық-түліктермен қатар пияз бағасы 26,5 пайызға қымбаттаған болатын.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazarтелеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер