Қазақстан фермерлер қауымдастығының мәліметінше, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын сақтап қана қоймай, оған бюджетті ұлғайту қажет.
"Өткен жылдың үш айында бағдарлама аясында мыңнан астам техника сатып алынып, үш айда 40 миллиард теңге игерілді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін де өтінімдер түсе берді. Биыл біз 100 миллиард теңгеге дейінгі соманы сұрайтын боламыз, өйткені техниканы жаңартпай ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мүмкін емес. Өнімнің сапасы да техниканың жаңалығына байланысты", — деп атап өттіҚазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Акпар Мәуленов.
Мәуленовтың айтуынша, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын ұзарту ауылдың дамуына жаңа серпін береді.
«Фермерлерге жеңілдетілген несиеберу қажет, сонымен қатар алдағы бес жылды Президент ауылды дамыту уақыты деп жариялады. Ол Үкіметке 31 наурызға дейін ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын қабылдауды тапсырған, осы Тұжырымдама аясында фермерлерге мұндай қолдау өте пайдалы болар еді», — деді Мәуленов.
Фермерлердің өздері жеңілдетілген лизинг бағдарламасын қысқа мерзімде қайта бастау керек екенінатап өтті, өйткені кейбір аймақтарда егіс науқаны келесі айда басталады.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер