Басты назарда - gosagro.kz порталы. Ұлттық агроқозғалыс конференция өткізеді

Басты назарда - gosagro.kz порталы. Ұлттық агроқозғалыс конференция өткізеді

"Шопан-Ата" ұлттық агроқозғалысының атына аграршылардан gosagro.kz порталының жұмысына қатысты шағымдар келіп түсуде. Осыған байланысты, 2023 жылғы 13 сәуірде сағат 16.00-де аталған платформа жұмысының өзекті мәселелерін талқылау бойынша агроқозғалыс zoom-конференция ұйымдастырады.

Жиналысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің, қаржы институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, салалық сарапшыларды Ұлттық агроқозғалыстың бастамасымен өткізілетін осы zoom-конференцияға қатысуға шақырамыз. Біз сайтпен жұмыс істеуде туындайтын проблемаларды мемлекеттік органдармен талқылаймыз және шешу жолдарын бірлесіп іздейтін боламыз", - деп атап өтті Ұлттық агроқозғалыстың төрағасы Алмасбек Садырбай.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.