БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы кім

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы кім

Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлап отыр.

Наурызбай Қарағойшин 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын зооинжинер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Жаңақала ауданы "Айдархан" кеңшарының аға зоотехнигі болып бастаған.

Әр жылдары Жаңақала аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы, Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында басқарма төрағасы, бас зоотехник, директор, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе, Жәнібек, Жаңақала аудандарының әкімі болды.

2021 жылдан күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.