Қазақстанның 415 жанармай құю станциясында дизель отыны жоқ

Қазақстанның 415 жанармай құю станциясында дизель отыны жоқ

Бұл туралы Роман Склярдың төрағалығымен өткен үйлестіру орталығының отырысында 7 сәуірдегі деректер бойынша хабарланды. Шенеуніктер ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, соның ішінде дизель отынымен қамтамасыз ету шараларын талқылады, деп жазады nur.kz.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы күндері пайда болған тапшылық жанармай құю станциялары иелерінің алдағы бағалар диспаритетінің қысқаруын күтіп, мұнай базаларында отын ұстауына байланысты.

Бұл ретте, қаржы вице-министрі Ержан Биржановтың мәліметінше, Қазақстанның 152 жанармай құю станциясында отын сатуды шектеу белгілері анықталды.

Сіздің аймағыңызда дизель отыны тапшылығы бар ма?

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.