Қазақстанда жанар жағармайдың жаңа шекті бағасы бекітілді

Қазақстанда жанар жағармайдың жаңа шекті бағасы бекітілді

Энергетика министрлігі бүгін отынның жаңа шекті бағасы туралы бұйрық күшіне енетінін хабарлады.

Құжатқа сәйкес шекті бағалар:

-АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге литріне 205 теңгеге дейін;

- дизель отынының литріне 295 теңгеге дейін.

Ведомство бұл көрші елдермен ЖЖМ құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты мәжбүрлі шара екенін еске салды.Осылйша елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді шенеуніктер.

Қазақстанда ЖЖМ бағасы 2021 жылдың күзінен бері өзгерген жоқ.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.