Қазақстан Ресей Федерациясының Астрахань облысынан мал мен ет әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады

Қазақстан Ресей Федерациясының Астрахань облысынан мал мен ет әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады

6 сәуірден бастап нодулярлық дерматит ошақтарын тіркеуге байланысты енгізілген Ресейдің Астрахань облысынан мал мен ет әкелуге шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2016 жылғы 4 тамыздан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан ірі қара малды және нодулярлық дерматитке бейім басқа да жануарларды әкелуге және республика аумағы арқылы транзитке шектеулер енгізді.

Сондай-ақ, шектеулер мыналарға қатысты болды:

  • жануарлардан алынған генетикалық материал;
  • ірі қара малдан, сондай-ақ жануарлардың сезімтал түрлерінен алынған, нодулярлық дерматит вирусының жойылуын қамтамасыз ететін тиісті өңдеусіз, өнімдер;
  • ірі қара мал мен басқа да сезімтал жануарларды союдан алынған өңделмеген былғары шикізаты;
  • пайдаланылған ірі қара малды және басқа да сезімтал жануарларды ұстауға және тасымалдауға арналған жабдық.

Сондай-ақ, нодулярлы дерматиттің ошақтары Краснодар және Ставрополь өлкелерінде, Қалмақия, Ингушетия және Дағыстан Республикаларында анықталды.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.