Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бүгін, 8 сәуірден бастап Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ретте осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге квота енгізілді.

Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.