Қазақстан министрлері қандай спорт түрлерімен айналысады

Қазақстан министрлері қандай спорт түрлерімен айналысады

Қазақстан министрлері қандай спорт түрлерімен шұғылданатын ҚазАқпарат хабарлап отыр. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев футболды жақсы көреді.

Білім министрі Гани Бейсембаев скандинавиялық серуендеуге және шахмат ойындарына уақыт табады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев футбол ойнайды.

Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов жүзумен айналысады, футбол ойнайды, сондай-ақ үстел теннисін, күресті, атпен жүруді ұнатады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова йоганы жақсы көреді, жаттығу залына барады.

Әділет министрі Азамат Есқараев жекпе-жекпен айналысқанды жөн көреді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният серуендеумен айналысады.

Цифрландыру министрі Бағдат Мусин шаңғымен сырғанап, жарысқа қатысады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров фитнеске, жүзуге барады.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де жаттығуды құптайды.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үлкен теннис ойнайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали бокспен айналысады.

Сізге қандай спорт түрі ұнайды?

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.