Қазақстан халқы шілдеде қатарынан төрт күн демалады

Қазақстан халқы шілдеде қатарынан төрт күн демалады

Бұл туралы Қазақстан үкіметі мәлімдеді.

"ҚР үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады. Қаулы бойынша жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі 1 шілде жұмыс күні болады.Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.