Ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдейтін техникаға басымдық беріледі

Ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдейтін техникаға басымдық беріледі

Ауыл шаруашылығы министрі оңтүстік өңірлерді сумен қамту бойынша Экология министрлігімен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен тіршілік нәрін көрші мемлекеттерден алу бойынша келісім жасалған. Бұған қоса суды үнемдейтін техникаларды сатып алу мен пайдалануға басымдық беріліп отыр деді ведомство басшысы, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Жаңбырлатып суару машиналарын қолдану кезінде, машинаны алған кезде шығындарды 50 пайызға дейін субсидияның көлемін көтердік. Фермерлеріміз инфрақұрылымды жүргізген кезде де жұмыстардың шығынын 50 пайыз мемлекет тарапынан өтейтін болады.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.