Олар субсидия алу үшін жалған мәліметтер берген дейді министр, деп жазады Tengrinews.kz.
Осылайша, шенеунік субсидиялаудың жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыншыларына жауап берді.
«Шаруалар жерлерін дереу ретке келтірулері керек. Жерді игермегендерге осы бастан кірісуіне кеңес беремін. Және маңыздысы бұрынғы «Qoldau» жүйесімен жасалған жұмыстарға жүргізілген талдау сәйкессіздіктерді анықтап отыр. Мысалы, бірқатар фермерлік шаруашылықтардың пайдаланып отырған жері қолмен сызып, “көзмөлшермен өлшей” салған көлемнен әлдеқайда аз болып шыққан. Бұл жерде норматив пен субсидия сомасы артық көрсетілгенін байқау қиын емес», - деп жазды ол.
«Qoldau» жүйесінде кездесетін тағы бір өрескел заң бұзушылық – фермер қолмен енгізген егістік карталарындағы жерлер іс жүзінде тіпті игерілмеген. Яғни субсидияны пайдаланып алған тұқым, тыңайтқыш, пестицидтар көрсетілген егіс алқабына қолданылмаған. Мұның бәрі әрине агроөнеркәсіп кешеніндегі барлық көрсеткіштерден көрініс табады. Бөлінген қаржы көп, бірақ құмға сіңген су сияқты», - дейді шенеунік.
Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.