Ауыл шаруашылығы мамандары жұмыстан кетіп жатыр

Ауыл шаруашылығы мамандары жұмыстан кетіп жатыр

Елімізде ауыл шаруашылығындағы мамандар жұмыстан кетіп жатыр, деп хабарлады halyq-uni.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл бірінші тоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығында 1 млн-нан аса адам жұмыспен қамтылды. Бұл – 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,4% аз. Салада 611,8 мың ер адам, 424,6 мың әйел еңбек етіп жүр.

Агроөнеркәсіп кешенінде 491,4 мың жалдамалы жұмысшы болса, тағы 545 мың адам жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттарына тиесілі.

Жалпы, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны уақыт өткен сайын айтарлықтай азайып келеді. Мәселен, 2018 жылғы бірінші тоқсанда салада 1,2 млн адам (биылғымен салыстырғанда 16,4% көп), 2015 жылы – 1,4 млн адам (38,4% көп), 2013 жылы – 2,1 млн адам (2 есе көп), 2010 жылы – 2,2 млн адам (2,2 есе көп) болды.

Хабар24 телеарнасының мәліметінше, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде кадр тапшылығы болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығына 3 мың жұмысшы қажет. Егістікке тракторшы, механизатор, агроном және басқа да орта буынды мамандар жетіспейді.

Өңірлер бойынша ауыл шаруашылығында ең көп жұмыспен қамтылғандар Түркістан облысында: 192,9 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 10,1% артық.

Екінші және үшінші орында Жамбыл (133,3 мың адам, 5,4% азайған) және Алматы (122,7 мың адам, 11,2% азайған) облыстары тұр.

Ауыл шаруашылығы саласында ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау өңірінде: 2,3 мың адам, бір жыл бұрынғыдан 20,3% аз.

АӨК-те жұмыспен қамтылғандардың көпшілігінің техникалық және кәсіптік білімі бар: 549,5 мың адам, бір жыл бұрынғыдан 4,6% аз. Тағы 255,5 мың адамның бастауыш, негізгі және жалпы орта білімі (2,9% азайған) және 231,4 мың адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (бірден 17,4% аз).

Жас топтары тұрғысынан алғанда агроөнеркәсіптік кешенде жұмыспен қамтылған жастардың аз екені анық. Салада жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі – 35-44 жас аралығындағы адамдар: 235,4 мың адам (осы салада жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі барлық жас санынан көп). Тағы 225,9 мың адам – 45-54 жас аралығында, 169 мың адам – 29-34 жас аралығында, 165,3 мың адам – 55-64 жас аралығында, 40 мың адам – 65 жастан асқандар.

15 жастағы жасөспірімдердің саны бір жыл бұрынғы 133-пен салыстырғанда 38 адамға азайды, 16-24 жас аралығындағылардың саны – 111,7 мыңға дейін (8,2%), 25-28 жас аралығындағылар – 89,1 мыңға дейін (15,6%) азайған.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.