Қасым-Жомарт Тоқаев: "Әкімдер жаяу жүруі керек"

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Әкімдер жаяу жүруі керек"

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс екенін атап өтті.

"Біз барлық қалаларымыздың жағдайына аса назар аударуымыз керек. Қала тұрғындарының өз көшелері мен үйлеріне немқұрайлы қарауы бәрімізге қиындық туғызады. Біздің қалалардың түр-сипаты өте нашар, мұны мойындау керек. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері қатысып отыр. Назар аударыңдар. Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруге тиіс. Бұл Астанаға да қатысты".

Келісесіздер ме?

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.