Қасым-Жомарт Тоқаев: 2050 жылға қарай Қазақстан суға аса мұқтаж елдер санатына кіру қаупі бар

Қасым-Жомарт Тоқаев: 2050 жылға қарай Қазақстан суға аса мұқтаж елдер санатына кіру қаупі бар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте 2050 жылға қарай Қазақстан суға аса мұқтаж елдер санатына кіру қаупі бар екенін атап өтті.

"Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз суға мұқтаж. Бұл ауыл тұрғындары үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де өте өзекті мәселе.

Ірі қалалардың инфрақұрылымы жыл сайын өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыра алмайды. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы сезіле бастады. Негізгі себептердің бірі -  құрылыстың ұлғаюы. Егер біз үнемді болмасақ, таза сумен қамтамасыз ететін жаңа нысандарды іске қоссақ та, тапшылықты жоя алмаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.