Астана орталығында жүрген иесіз жылқы видеоға түсірілді

Астана орталығында жүрген иесіз жылқы видеоға түсірілді

Астаналықтар иесіз жүрген атты видеоға түсіріп алды. Жануар Қабанбай батыр даңғылынан өтіп, Ботаникалық саябаққа бет алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылқы ешқандай оқыс әрекет жасамаған. Астаналықтар оның әбзелдері де, арқаны да жоқ екенін байқаған.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, оларға Ұлы Дала – Түркістан көшелері қиылысында жылқы жүргені туралы хабар таңғы сегізде келген. Оқиға орнына полиция тобы жіберілді.

"Полиция қызметкерлері жылқыны қауіпсіз аймаққа шығарды. Ақпарат "Астана ветсервиске" жолданды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.