Қарағанды облысында Эмкар анықталды

Қарағанды облысында Эмкар анықталды

Қарағанды облысының Сарышаған кентінде қыстау аумағында ірі қара мал арасында эмфизематозды карбункулдың тіркелуіне байланысты карантин белгіленеді, деп хабарлайды eldala.kz.

Ауру Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі "Нұрислам" қыстауында анықталды.

Наурыз айында ІҚМ арасында эмфизематозды карбункулдың пайда болуына байланысты карантин Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, "Бопы" қыстау аумағында да белгіленген болатын.

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар ауруларының 23 түріне қарсы вакциналардың шамамен 172 млн дозасы қамтамасыз етіледі.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.