ҚАЗТЕМІРТРАНСТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ҰСТАЛДЫ

ҚАЗТЕМІРТРАНСТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ҰСТАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жеделәзірлеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолыныңеншілескәсіпорындарының бірі — Қазақстанның Жүк вагон паркінің ірі операторы болыптабылатын "Қазтеміртранс" АҚ лауазымды адамдарын заңсыз байытудыңқылмыстық схемасын ашып, жолын кесті. Бұл туралы ElDala.kz Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырыпхабарлайды.

"Қоғамныңжәне оның өңірлік филиалдарының лауазымды адамдары жүк вагондарының тапшылығынпайдалана отырып, ал жекелеген жағдайларда мұндай тапшылықты жасанды түрдежасай отырып, проблемалық мәселелерді шешудің орнына, осы жағдайды өздерініңпайдакүнемдік мақсаттары үшін пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз жәнежеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаныанықталды", — деп хабарлады баспасөз-қызметі.

Тұрақтыпара алудың жолға қойылған схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас офис бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысқаны атапөтілді.

"Қолма-қолақша, әдетте, лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оныңішінде жақын туыстарының карта-шоттарына аударылды. Қоғамның Ақмола филиалыныңбір ғана басшысы 2020жылдан бастап 70млнтеңгеден астам қаражатты заңсыз алған, оның басым бөлігін Щучье-Бурабайкурорттық аймағының ойын-сауық мекемелеріне жүйелі түрде барып отырды", — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

ҚоғамныңҚарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасадыдеп күдіктелуде.

«Аталғанадамдардың барлығы ұсталып, тергеу сотының санкциясымен 2айғақамауға алынды», — деп нақтылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалыныңбасшысы мен қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері әшкереленді.Басқа лауазымды тұлғалардың қатысуы тексеріледі.

«Жүквагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындаржеткізілімдердің бұзылуына жол беріп, орасан зор шығынға ұшырап, пара беруарқылы өз проблемаларын шешуге жүгінуге мәжбүр екенін атап өткен жөн. Бұлретте, осы шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әсер етеді», — деп толықтырды ведомстводан.

Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерлерді барлық мәселелерді тек құқықтық саладашешуге шақырады. Осындай фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Агенттіктің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Тергеу мүддесіүшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер