«Бизнес жол» жобасын іске асыру басталғаннан бері жердіжалға алу мәселелерінде 70 жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
ШОБ субъектілерінің айтуынша, олар жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарту кезінде тұрақты түрде кедергілер мен негізсіз бас тартуларға тап болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен бірлесіп, жер қатынастары саласына талдау жүргізді.
Жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің нормаларын өздігінше түсіндіріп және уақыт созып, жер комиссияларының қарауына жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер жолдаған. Жер кодексінің 12-бабына сәйкес комиссияның мұндай өкілеттіктері жоқ.
Тағы бір маңызды мәселе — мерзімдерінің аяқталуына байланысты жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту.
Әкімдіктер мұндай тәжірибені жалға алушылардың жаңа мерзімге жер пайдалану шартын жасасу ниеті туралы уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуымен түсіндіреді.
Сонымен қатар, жалдау мерзімі аяқталған жағдайда, өзміндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының басқа адамдаралдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы бар(ЖК 37-бабының 2-тармағы).
Бұл жағдайда адал жалға алушы комиссия жасамай-ақ шарттың мерзімін ұзартуға құқылы. Сондай-ақ, заңнамамен реттелмеген жаңа мерзімге жалдау шартын жасау жасырын мемлекеттік қызметі анықталды.
Қазіргі уақытта регламенттің болмауы «бір терезе» қағидатын бұзып, әкімдіктің лауазымды адамдары мен жер учаскелерін жалға алушылар арасында жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер