АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КАРТОП ӨСІРУІ МҮМКІН

АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КАРТОП ӨСІРУІ МҮМКІН

Павлодар облысының Ақсу қаласында көкөніс қоймаларын салу қарқын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Өңірде суармалы жерден кейінгі өзекті мәселе – қойма. Шаруалардың көбі көкөніс өсіреді, ал ол өнімді сақтайтын орын жоқ. Сондықтан биыл «Виктория» және «Лидер PVL» шаруа қожалықтары 20 мың тонналық қойма салды. «ПавлодарНатурПродукт» ЖШС биыл суармалы жерді 800 гектарға ұлғайтып, 10 мың тоннаға қойма салды. «Шығыс-Альянс» ЖШС суармалы жерді 210 гектарға ұлғайтты.

Қала әкімі картоп өңдеумен айналысатын инвесторға кәсіпорын салу үшін үш орын көрсетілгенін атап өтті.

«Америкалықтар келді. Біз оларға жылыжайдың артындағы, индустриялық аймақтағы, Үштерек ауылының маңындағы орындарды көрсеттік. Оларға жақын жерде теміржол болғанымаңызды. Қазіргі уақытта қарастыруда», — деді Нұрлан Дүйсембинов.

Қала басшысы алдағы ұзақ уақыттық жоспарда қант зауыты мен крахмал зауытын салу тұрғанын айтты. Ең бірінші қант зауыты қолға алынады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер