АЛМАТЫЛЫҚТАР ДИЗЕЛЬ ТАППАЙ ШАҒЫМДАНУДА

АЛМАТЫЛЫҚТАР ДИЗЕЛЬ ТАППАЙ ШАҒЫМДАНУДА

Алматы тұрғындары қалада бірнеше күннен бері дизель таппай қалатын жағдай туындағанына шағымдануда. Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Zakon.kz-ға аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Алматы қаласында 213 жанар-жағармай құю станциясы (ЖЖМ) жұмыс істейді, оның ішінде ірі алты желіге 176 ЖЖМ бекеті немесе 80%-ы тиесілі екені нақтыланады. Алматы қаласына ЖЖМ үш мұнай өңдеу зауытынан жеткізіледі (ПКОП – 40%, ПМХЗ – 35%, АМӨЗ – 25%).

«Бүгінгі таңда қаладағы ірі желілерде және мұнай базасында шамамен 10,2 мың тонна дизель отыны бар, 3-4 күнішінде шамамен 3,8 мың тоннасы тағы жеткізіледі деп күтіліп отыр. Қазіргіуақытта Алматы қаласында Алматы облысынан және басқа өңірлерден келіп жатқанауыр жүк транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына сұраныстың артқаныбайқалады. Алматы қаласының жекелеген жанар-жағармай құю бекеттерінде дизельотынының тапшылығы туындауы мүмкін. Ол 2023 жылы 15 наурыздан бастап Шымкентқаласындағы „ПетроҚазақстанОйл Продактс“ мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының қолға алынуымен байланысты», делінген хабарламада.

Осы кезеңде республикамыздың мұнайөңдеу зауыттары мұнай өнімдерінің едәуір бөлігін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін агроөнеркәсіптік сектордың басым қажеттіліктерінебағыттайды.

«Отандық МӨЗ келісімшарттарда көрсетілген көлемдер бойынша өнімдердіжөнелтіп, өз міндеттемелерін орындап жатқанын қосымша айта кеткен жөн. Бүгінгітаңда мұнай өнімдерін жеткізу жайы бір жолға қойылған, мұнай базалары менжанар-жағармай құю бекеттеріндегі қорларға тұрақты мониторинг жүргізілуде.Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ҚР Энергетикаминистрлігімен бірлесіп, ірі ЖМҚС желілеріне дизель отынының үздіксізжеткізілуін қамтамасыз етуге және бөлінетін көлемді ұлғайтып отыру жағынанқолдау көрсетуде», делінген хабарламада.

Бұған дейіналматылықтар қалада осымен үшінші тәулік жанар-жағармай құю бекеттерінде дизельотыны жоқтығына шағымданған болатын. Тек коммуналдық қызмет көліктеріне ғанаталон бойынша дизель босатылуда.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер