АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ ЖОҚ

АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ ЖОҚ

Кез келген басқа сала сияқты ауыл шаруашылығы саласы да ғылым мен дамуды қажететеді. Осындай пікірді Хабар телеарнасының бағдарламасында «Шопан ата» ұлттық агрокозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай айтып өтті.

«Тіпті, бұл салаға басқасынан да артық білім керек дер едім. Дамыған шет мемлекеттер осыны жақсы түсініп алған. Аядай жерден мыңғырған пайда тауып отыр. Ал біздің кең байтақ жердің біресе егіні шықпай қалады, одан қалса, ескі-құсқы техникасы қирап тұр. Себебі, бізде ауыл шаруашылығы саласы ғылым/біліммен ұштаспаған. Әйтпесе, шіркін, мүмкіндігіміз көп еді…», — деді сарапшы.

Сіздер осыған не дейсіздер?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер