Алмасбек Садырбай: Шағын фермерлерге жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың аз мөлшері беріледі

Алмасбек Садырбай: Шағын фермерлерге жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың аз мөлшері беріледі

Ұлттық агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай шағын фермерлерге жыл сайын мемлекет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаражаттың аз мөлшері беріледі деп есептейді.

"Биыл көктемгі дала жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі көлемі ірі агрохолдингтерге кепілмен қамтамасыз етілуіне байланысты кетеді. Сондықтан шағын фермерлер үшін несие алу кезінде талаптарды қайта қарау және жеңілдету қажет. Мысалы, өндірістің бес жылдық тарихын ескере отырып, осылай ша шағын фермерлерге кепілдікпен несие беруді ұсынамыз", - дейді агросарапшы.

Өзге мәселелердің қатарында фермерлер ауылшаруашылық техникасының тозуын және тым қымбаттығын айтуда. Осы салдардан шаруалар ескірген жабдықтармен жұмыс істеп, қосымша ауылшаруашылық техникасын жөндеуге қаражат жұмсауға мәжбүр. Мұның бәрі, Агроқозғалыс басшысының айтуынша, өнімділіктің төмендігіне және өнімнің жоғары құнына әкеледі.

"Осыған қоса ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттығына кәдеге жарату жинағы да әсер етеді. Сонымен қатар, Өзбекстанда аграрлық техникаға салықтар, ҚҚС, әкелу бажы, кәдеге жарату жойылды. Ресей де кәдеге жарату жинағынан бас тартты. Қазақстан әлі күнге дейін агротехникаға кәдеге жарату алымы бар жалғыз ел болып табылады, дегенмен бұл агросалаға кері әсер ететіні бұрыннан дәлелденген", – деп түйіндеді Алмасбек Садырбай.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.