АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: ТІРІ МАЛ ЭКСПОРТЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНУ КЕРЕК

АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: ТІРІ МАЛ ЭКСПОРТЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНУ КЕРЕК

«Shopan ata» ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбай малды тірідей экспорттауға болмайды дейді. Шикізатты өңдеп дайын өнім күйінде сатқан тиімді дейді.

Елімізде жылына 2 млрд долларға қой етін экспорттауға мүмкіндік бар. Қазір отандық өнімді Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатар елі тұтынады. Елде 20 млн ұсақ мал бар. Алайда оларды бордақылау алаңдары жоқтың қасы. Шаруалар көтергенімен мәселе шешілмей жатыр.

«Тірідей малды экспорттауға болмайды. Себебі біз өнімді шикізат ретінде жібереміз. Өңделген өнім ретінде болу керек», — дейді Алмасбек Садырбай.

Ет нарығында басқа қандай мәселелер бар?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер