Алмасбек Садырбай: Дәл биылғыдай тапшылық бұрын болмаған

Алмасбек Садырбай: Дәл биылғыдай тапшылық бұрын болмаған

Шаруалар дизель отынын таппай жүр. Дәл биылғыдай тапшылық бұрын болмаған. Мұндай пікірді Ұлттық агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай Almaty.tv телеарнасына берген сұхбатында білдірді.

«Әрбір көктем сайын біздің 3 мұнай-өңдеу зауытымыз кезекпен күрделі ремонтқа тұрады. Сол кезде шаруаларға дизель отыны қажет. Неге құзыретті министрлік осы жұмыстарды қыста өткізбейді? Шаруаларға дизель отыны керегі жоқ кезде. Бұның бәрі отынның тапшылығына және бағаның өсуіне әкелетіні сөзсіз.», - деді агросарапшы.

Ал Министрлік өкілі тапшылық жоқ, 413 мың тонна дизель бөлінгенін айтуда. Тіпті, бағасы 10-15 % арзандатылған дейді.

Өңірлеріңізде дизель отыны жеткілікті ме, бағасы қандай?

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.