АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: АҚСУ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚЫЗЫЛШАНЫ ҚАБЫЛТАМАЙ ЖАТЫР

АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: АҚСУ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚЫЗЫЛШАНЫ ҚАБЫЛТАМАЙ ЖАТЫР

«Шопан ата» ұлттық агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай тағы да өзекті мәселені ұлттық телеарнада көтерді.

«Биыл «Ақсу» қант зауыты тағы да шаруалардың еккен қызылшасын қабылдамай жатыр.

Зауыт тұр. Ашылғаннан дұрыс жұмыс жасамады. Қызылшадан бар-жоғы 30 мың тонна қант өңдепті. 6 жылда берген өнімі. Ал негізі зауыттың жылына 50 мың тонна өңдейтін қуаты бар», — деді сарапшы.

Президент қойған тапсырмалардың орындалу деңгейінің төмендігіне тоқталып өтті.

«Сорақысы: 5 жылдың ішінде бюджет «Ақсу» қант зауытына 10 млрд теңгеден астам қаржылай көмек көрсеткен. Судың да сұрауы бар. 10 млрд теңгенің сұрауы міндетті түрде болуы керек. Президенттіңқадағалауындағы азық-түлік қауіпсіздігі, соның ішіндегі қант мәселесінің жағдайы осылай қала бере ме?», — деп атап өтті Алмасбек Садырбай.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер