АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: «АГРО ПАРТИЯҒА ЖОЛ БЕРМЕДІ»

АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: «АГРО ПАРТИЯҒА ЖОЛ БЕРМЕДІ»

«Шопан-ата» ұлттық агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Әділет министрлігіне «Агро партияны» тіркеуге 16 рет өтініш білдіріп, кері жауап алғандары туралы жазды.

«Өкінішке қарай, 12 облыста нақты филиалы бар, осындай бірлігі мен мүддесі бір, елдің қамын нақты ойлаған «Агро партияға» жол бермеді. 16 рет құжаттарымызды кейін қайтарды Әділетсіз міністірлік! Ішім күйетіні, қазіргі «сайлау» деп, жарысып жатқан жаңадан құрылған ҚУЫРШАҚ ПАРТИЯЛАР, бүкіл республикада осынша адамды съездеріне жинай алмай жатыр», — дейді Алмасбек Садырбай.

Осыған қарамастан ол шаруалар дамып, алға басатынын атап өтті.

«Біз, шаруалар ешқайда асықпаймыз. Біз 19 ауыл шаруашылығы міністерлерінің қырғынға шыдап, бәрібір дамудамыз», — деп түйіндеді сарапшы.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер