ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚАЙТАДАН ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ БОЛДЫ

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚАЙТАДАН ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ БОЛДЫ

Мәжілістіңжалпы отырысында депутаттар Премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтыңкандидатурасын қолдап, дауыс берді.

2023 жылы 29 наурызда Президент Жарлығымен Үкімет отставкағакетті. Осы күні Смайлов Премьер-министрдің міндетін атқарушы болыптағайындалды.

Бұған дейін Президенттіңқабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министрдіңлауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Әлихан Смайылов1972жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағыҚазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығыбойынша тәмамдаған.

1996 жылы ҚР Президентіжанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтыныңмемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары —«А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысыныңорынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚРСтатистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика жәнеталдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторыныңмеңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызметатқарған.

1999–2003 жж. — ҚРСтатистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқыістер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегімемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржывице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚРСтатистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттықэкономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанындаМемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2018 жылы Мемлекетбасшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы министрі болыптағайындалды

2020 жылдың мамырынанМемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары

2022 жылы 05 қаңтардаПрезидент Жарлығымен Үкімет отставкаға кетті. Осы күні СмайловПремьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2022 жылы 11қаңтарда Парламенттің жалпы отырысында Президенттің ұсынысымен бір ауыздансайланды. (89 депутат дауыс берді).

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер