Ақбөкендер 122 мың гектарға жуық егістік жерді таптап кетті

Ақбөкендер 122 мың гектарға жуық егістік жерді таптап кетті

Ақбөкендердің саны 1,9 млн басқа жетті, деп хабарлайды АШМ.

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында киіктердің таптап өтуінен биыл 121,9 мың га егістік жерлер зардап шекті. Жүргізілген көктемгі әуе есебіне сәйкес киіктердің саны 1,9 млн жетті.

АШМ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу тәртібін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың зақымдауынан ауыл шаруашылығы алқаптарына келтірілген залалды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту жөніндегі министрліктің құзыретін белгілеу мәселелері бойынша Үкімет қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірледі.

Біздің Instagram, Youtube аккаунттарымызға тіркеліңіздер.