АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚЫЗМЕТІН АШЫҚ ЕТУ ҮШІН 930 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚЫЗМЕТІН АШЫҚ ЕТУ ҮШІН 930 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласын цифрландырмақ. Осылайша олар қызметті және ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын ашық етуге ниетті.

Ведомствода 2025 жылғадейін АӨК қадағалау жүйесін енгізу жоспарланғанын хабарлайды. Ол үшін республикалық бюджеттен 930 млн теңге бөлінеді.

Жүйе өнім сапасының өсуіне де әсер етпек. Өнімнің қадағалануын автоматтандыру арқылы барлық уәкілетті органдар сапалы есепке алуды қамтамасыз етуүшін процеске қосыла алады.

Қазір автоматтандырылған жүйені құруға арналған техникалық тапсырманың жобасы келісусатысында.

Бұл жобаның нәтижелерін салақатысушылары бірнеше жылдан кейін бағалай алады, ал әзірге елде АӨК саласына қатысты көптеген сұрақтарбар.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер